Елбасының жеңісі – елдің жемісі!

 
26 сәуірде елімізде саяси науқан өтіп, халық президенттікке үміткерлер арасынан өз таңдауын жасады. Біздің аймағымыз да осы шараға белсенді атсалысты. 847 учаскелік сайлау бөлімшелерінде 542,7 мыңнан астам адамның 96,8% дауыс берді. Дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов дауыс беруге сайлаушылардың 95,22% келді десе, Тобыл өңіріндегі көрсеткіштің жоғары екенін аңғаруға болады. IMG_3129Осы орайда облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың сәт санап жаңа мәліметтерді беріп отырғанын айтпай кетуге болмас.IMG_3062
Енді президенттікке үміткерлердің жинаған дауыс үлесіне тоқталсақ. ҚР ОСК-ның мәліметінше сайлаушылар Әбілғазы Құсайыновқа 0,7%, Нұрсұлтан Назарбаевқа – 97,7%, Тұрғын Сыздықовқа – 1,6 % дауыс берді.IMG_3130
Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда жеңгені туралы алдын ала қорытынды шығарыла сала, республиканың түкпір-түкпірінде үлкен мерекелік шаралар өтті.IMG_3118 Бұл хабарды қостанайлықтар да ерекше қабылдады. IMG_3090Бүгін облыс орталығындағы спорт сарайында аймақ басшысы бастап, өңірдің белгілі азаматтары, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, жастар қанаты, студенттер қатысқан салтанатты жиындар ұйымдастырып, IMG_3104халыққа «Елбасының жеңісі – елдің жемісі!» деген ұранмен құттықтауларын жеткізіп, IMG_3071жергілікті өнерпаздар елдің рухын көтеретін патриоттық ән-билерін шашу етті.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓