37 млн теңге жымқырды
Қостанай облысында мемлекеттік қызметкерлер фермерлерге субсидия үшін бөлінген 37 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі аппаратының жетекшісі Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
Қостанай облысы департаменті облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғасына және Жітіқара мен Жангелдин аудандарының Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Олар мемлекеттік субсидияның 37 млн теңгеден астам қаржысын ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Айыпкерлер жайылымдарды және мал шаруашылықтарын сумен қамтуы тиіс шаруа қожалықтары бұл жұмыстарды атқармаса да, қасақана көз жұма қарап, растау жолымен қазына қаражатын қалтаға басқан.