Тілсіз жаудың құрбандары
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 8 ақпан күні облыс аумағында бірнеше өрт оқиғасы тіркелді.
Меңдіқара ауданы Первомай селосында бір қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Пәтердің төбесі, қабырғасы мен жиһаз отқа оранды. Өрт 8 шаршы метрді қамтыды. Өрт екі сағаттан соң толықтай өшірілді. Өрт болған жерден 1976 жылы туған екі жұмыссыздың мәйіттері табылды. Алдын ала болжамға қарағанда өрт отпен абай болмау себепті кеткен.
Таран ауданының Тобыл кентінде бір үй өртенді. Өрт 20 шаршы метрді қамтыды. Өрттің шығу себебі анықталуда.