10 мыңнан астам адам тексерілді

Өткен тәулікте, яғни 13 сәуірде блок-бекеттерден 978 автокөлік (175-і – жеңіл, 1-і – жолаушы және 802-і – жүк көлігі) және 1215 адам өтті. 7 автомобильге кіруге рұқсат берілген жоқ. Облыс аумағы арқылы 358 автокөлік транзитпен өтті.22 (2)Блок-бекеттерде 289 қызметкер, 160 полицей, Қорғаныс министрлігінің 49 әскери қызметшісі, 66 медициналық қызметкер, әкімдіктердің 3 өкілі бар және қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған 11 ветеринария қызметкері бар.
Санитарлық бекеттерде 7067 автокөлік және 10637 адам тексерілді. Жүргізушілер мен жолаушылар тарапынан бекеттердің жұмысына шағым түскен жоқ.
Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 393 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот 233 әкімшілік материалды қарады, оның ішінде 28 – і бойынша ескерту жасалды, 170 әкімшілік айыппұл салынды (10 АЕК-26510 теңге) және 35 адам әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотта 160 материал қаралуда.
Қостанай облысында 97 адам ауруханаға жатқызылды, үй карантинінде 1503 адам бар.
Облыс орталығында "Короновирус" инфекциясын жұқтырудың 3 фактісі анықталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓