Қателіктен сабақ алмағаны үшін…
Қалалық №2 сот мас күйінде көлік рөліне отырып, екінші рет ұсталған жүргізушіге қатысты істі қарады. Өкінішке қарай, мұндай істер жиілеп барады дейді құқық қорғаушылар. Жыл басынан бері №2 сотқа дәл осындай 37 іс келіп түскен. Мәселен, соның соңғысы – "бір тырмаға екінші рет ұрынған" қостанайлыққа қатысты. Ол бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Дегенмен, өткен жылғы қателігінен сабақ алмады. Сондықтан, азаматқа 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, үш жылға дейін көлік тізгініне отыру мүмкіндігінен айырылды.