10.00-де: азаматтардың 28,59% бюллетень алды

Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 пайызы алды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.
 «Астана уақытымен сағат 10.00-дегі деректерге сәйкес, дауыс беру республиканың 9 992 учаскесінде өтіп жатыр. Азаматтардың референдумға белсенділігі – бұл өзінің белсенді сайлау, мемлекеттік мәселерді шешуге тікелей қатысу құқығына саналы және жауапкершілікпен қарау көрсеткіші. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары Орталық референдум комиссиясына ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдумда дауыс берушілердің белсенділігі мынадай: ел бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдерді тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 пайызы алды», – деді Сәбила Мұстафина.
Орталық референдум комисссиясы мүшесінің дерегінше, өңірлер бойынша Ақмола облысы тұрғындарының – 26,63, Ақтөбе облысы – 25,62, Алматы облысы – 28,53, Атырау облысы – 29, 87, Батыс Қазақстан облысы – 32,20, Жамбыл облысы – 32,16, Қарағанды облысы – 33,56, Қостанай облысы – 30,14, Қызылорда облысы – 28,87, Маңғыстау облысы – 23,67, Павлодар облысы – 33,14, Солтүстік Қазақстан облысы – 34,17, Түркістан облысы – 33,15, Шығыс Қазақстан облысы – 29,88, Нұр-Сұлтан қаласы – 24,18, Алматы қаласы – 13,91, Шымкент қаласы 34,19 пайызы таңдау жасап үлгерді.
Ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі, дерек сағат 12.00-де ұсынылады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓