ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Өткен демалыс күндері аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында тұрғын үй құрылысымен айналысатын мердігерлік ұйым басшыларымен кездесті. Бұл жөнінде ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.1
2025 жылға дейін өңірде  2,5 млн шаршы метрден астам көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Осы мәселе негіз болған кездесуде облыс орталығындағы шағын аудандар құрылысының жоспары мен барысы талқыланды. Облыс әкімі мердігерлерге коронавирус пандемиясы кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитарлық нормаларды сақтауды күшейтуді тапсырды.2
3Кездесуден кейін облыс әкімі  «Береке» шағын ауданындағы «Жулдыз» кешенi үйлерінің құрылыс барысын қарап шықты.
"Сапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымдардың басшыларына жоспарланған барлық жұмыстарды сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырдым," – делінген әкім хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓