Өте дұрыс шешім
ҚР Президенті Қ.Тоқаев мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында кемі сəуір айынының аяғына дейін созуға пәрмен берді. Бұл меніңше өте дұрыс шешім. Өйткені, елімізде індет əлі басылмай тұр. Сырқат жұқтырғандар күннен күнге көбеюде. Мұндай жағдайда сақтық шаралары өте қажет. Халқымызда: Сақтанғанды құдай сақтайды" деген сөз бар, сондықтан мемлекет басшысының өзі қосымша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Індеттің алдын қазір алмасақ, кейін кеш болады. Біз үшін ең бастысы адам денсаулығы маңызды. Соның жолында аянбай еңбек ете береміз. Қазір мектеп оқушыларын қашықтан оқыту процесін қолға алдық. Бірақ, білім сапасы төмендеп кетпесі үшін ұстаздар қауымы жан -жақты ізденіске көшкенін айтып өткен жөн. Ал Үкімет қысылтаяң шақта халықтың əл-ауқаты төмендемесі үшін барынша қол ұшын созуда. Бірлескен де ғана біз бұл кеселді жеңіп шығамыз.
Камшат Əбілдина, ұстаз.