Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алмақ

Жаңа жыл қарсаңында көп балалы отбасы қуанышқа кенелді. Қостанай ауданының тұрғыны Алла Приходькоға Садовый ауылында пәтер кілті табыс етілді.72885a28-97d1-466d-aa82-2793467472d3Алла Приходько алты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Баспана кезегінде ол 2011 жылдан бері тұрды. Үш бөлмелі пәтер көп балалы отбасыға мемлекеттік тұрғын үй қорынан беріліп отыр. Үйдің кілтін Мичурин ауылдық округінің әкімі табыстады.
– Қоныс құтты болсын! Келер жылы да кезекте тұрған жанұяларға әлеуметтік жалдамалы пәтерлер беруді жоспарлап отырмыз, – деді округ әкімі Балтабек Жұмағалиев.
Алты балалы ана атқарушы билік өкіліне алғыс білдірді. Көп балалы отбасы бұған дейін Садовый ауылында пәтер жалдап тұрған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓