ОФИЦЕРЛЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев 70 патруль полицейіне лейтенант шенін табыс етті.
Ол бүгінгі күні Ішкі істер органдарының қызметкерлері еш қиындыққа қарамастан жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мемлекет, ІІМ және полиция департаментінің басшылығы бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы оқиғаларға тап болғандарға қолдау көрсететінін мәлім етті.
– Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Ішкі істер министрінің бұйрығымен сіздер полиция лейтенанты атағын алдыңыздар. Өткен жылы 90 патрульдік полиция инспекторы дәл осы шенге қол жеткізген еді. Бұл "2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жетілдіру жөніндегі жол картасын" іске асыру нәтижесінде жүзеге асып отыр. Қостанай облысының полиция департаментінде кадрлық әлеуетті күшейту мақсатында сержант құрамындағы 70 қызметкер офицер санатына ауыстырылды, – деп атап өтті Ардақ Қабекенұлы.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тәулік бойы құқықтық тәртіпті қорғау қызметін атқарады және аймақта коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларға жұмылдырылған, деп хабарлайды ПД Баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай