“МАRT” сауда орталығында өрт шықты

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, тілсіз жау таңғы сағат 6-лар шамасында тұтанған. март
– "МАRT" сауда ойын-сауық орталығының (СОСО) жертөле қабатында орналасқан дәріхананың ішіндегі компьютер жүйелік блогы және сөрелер жанған. Өрт аумағы 3 шаршы метр болды", – делінеді хабарламада. 
Өртті құтқарушылар келгенге дейін сауда орталығының күзетшілері сөндірген. Бір күзетші жапа шегіп, оң жақ білегін 1,2 дәрежелі күйік шалған. Қазір қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.
Естеріңізге салайық, бірер күн бұрын бұл ғимаратта өрт-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өткен болатын. Ол нысан әкімшілігінің оқыс жайт кезіндегі алғашқы әрекет жасау тәртібін үйретуден басталған еді. Бұл шараға 79 құтқарушы, 16 негізгі және арнайы техника жұмылдырылды. Жаттығу барысында 300 адам ғимараттан қауіпсіз жерге шығарылып, 20 адам қауіп құрсауынан құтқарылып, 1 адам "жапа шеккен" еді.
"Міне, тілсіз жаудың дер кезінде ауыздықталуына осы оқу-жаттығу шараларының септігі тиді деп айтуға болады" дейді ведомство мамандары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓