ЖҰМЫС ЖЫЛДАМ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында қала және аудан әкімдері қолайсыз ауа райының салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.ZHumyis-zhyildam-720x340
7 сәуірде болған боран салдарынан облыстың 10 өңірінде 87 әлеуметтік нысанның шатыры сынған. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет нысандарына залал келтіріліп, кей жерлерде электр бағаналары құлаған.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының өзінде ғана электр жарығының өшірілуіне қатысты тұрғындардан 500-ден астам шағым түскен. Жөндеу жұмысына 12 бригада жұмылдырылып, нәтижесінде  орталық, КСК, КЖБИ аудандары түс ауа, Аэропорт, Юбилейный шағын аудандарына сағат 22:00-ге дейін жарық беріліпті. Электр желілері іске қосылғаннан кейін өзге де коммуналдық қызметтердің қалпына келтірілгенін айта кеткен жөн.      
Бүгінгі таңда 3 өңірдегі 5 нысанның шатыры жөнделді, ал қалған нысандарды жөндеу қысқа мерзімде аяқталады. Жиынды қорытындылаған Архимед Мұхамбетов зақымданған нысандарды қалпына келтіру жұмысын жергілікті биліктің жеке бақылауында ұстауын қадап тапсырды. Қала және аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың жауапты басшыларына бүлінген нысандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды барынша жылдамдатып, шұғыл шаралар қабылдауға кеңес берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓