Мүгедектікті айқындау тәртібі…
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты мүгедектік пен еңбекке жарамсыздықты қалай рәсімдеуге болады? Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков айтып берді.
Бүгінгі күні департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі мүгедектікті белгілеу және қажетті оңалту шараларын әзірлеу болып табылады. Біздің облыста 28 176 мүгедектігі бар азамат тұрады және орта есеппен 6,5 мың азамат жыл сайын мүгедектік тобына қайта куәландырудан өтеді және 2 мыңнан астам азамат алғаш рет мүгедектік алады. Ведомства басшысының айтуынша, төтенше жағдай кезінде енгізілген ережелерге сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың қолда бар мүгедектік тобы елдегі төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін автоматты түрде ұзартылады және автоматты түрде мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы және өзге де қолда бар төлемдер қайта тағайындалады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамға қандай да мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін жоғарыда аталған азаматтарға бір ай ішінде барлық қажетті құжаттармен қоса, департаментке келіп белгіленген кейін мүгедектіктің тиісті тобының мерзімі есепке алынады.
– Өздеріңіз білетіндей төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету “Электрондық үкімет” веб-порталындағы “Электрондық өтініш” сервисі арқылы электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады, сондықтан медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ, мемлекеттік қызмет сырттай жүргізіледі. Бұл үшін азаматтар тиісті өтінішті толтырып, оған барлық қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын қосып, осы құжаттарды Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаментіне электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады. Өтініш департаментке келіп түскен сәттен бастап 4 күнге дейінгі мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесі (мүгедектік тобы белгіленген немесе белгіленбегені және азаматқа қандай оңалту шаралары әзірленгені жөнінде) азаматқа пошта арқылы жауап жіберіледі. Сонымен қатар, мүгедектік белгіленгеннен кейін өтініш беруші "электрондық үкімет" порталы арқылы мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға электрондық өтініш беруі қажет,- дейді М.Мұратбеков.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімін жеңілдетуге және азаматтардың түрлі инстанцияларға бару және өтініш беру қажеттілігін барынша азайтуға бағытталған. Бүгінгі күні, ағымдағы жылы 15 наурыздан 15 сәуірге дейін қайта куәландыру мерзімі келген облыс бойынша шамамен 400 адамға мүгедектік автоматты түрде департаментпен ұзартылды және қазіргі уақытта оларға тиесілі жәрдемақыларды үзбей және кідіріссіз алу үшін қайта тағайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.