Ұлт жоспары жолы – ұлы мұрат жолы

Өңірімізде Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру бағыттарына арналған 100 қадам ұлттық жоспарын халыққа кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасуда. Сәрсенбі күні облыстық әкімдікте «Біртектілік пен бірлік» атпен өткен басқосуға Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ахмадия Сарбасов келіп, ұлттық бағдарламаның орындалу тетіктерін түсіндірді. Кездесуге қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес, шығармашылық және этномәдени ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, ғалымдар, зиялы қауым, БАҚ өкілдері шақырылды.thumb_700x394_88fee701e757b70a57880c12bf1136f9
– «100 қадам» – Ұлт жоспары Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік. Ал «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын бекітетін тұғырнама қызметін атқаратын болады. «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшейтеді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» – қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие, – деді А.Сарбасов.DSCN0918
Қазір ұлттық бағдарлама еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен қолдау тауып отырғанын атап өту керек. Тек біздің облысымыздың азаматтарынан елуден астам ұсыныс-тілектер келіп түсіпті. Ғалым, ұстаз Владимир Гершун руханилықты дамыту үшін бұл жағынан мектептерден бастап жұмыс істеу керектігін айтты. Сондай-ақ, өңіріміздің БАҚ беттерінде Елбасының реформасына арналған айдарлар ашуды ұсынды. Дегенмен ғалымның екінші ұсынысы өңірдің ақпарат құралдарында барынша жүзеге асып келе жатқанын айта кету керек. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің соңғы сандарында аталған бағдарламаны халыққа насихаттау барынша жүзеге асырылып келеді. Газетіміздің бас редакторының орынбасары Жұматай Кәкімжанов ақпараттың 70 пайызының мемлекет саясатына жаршы болып отырғанын жеткізді.
Аймақ басшысының орынбасары Мұрат Дәрібаев өңір азаматтарына әлі де ұсыныстарын облыстық ішкі саясат басқармасына жолдай алатындарын айтты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры Тілеген Ахметов облыстық ішкі саясат басқармасына өз ұсынысын білдірді:
– Мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы қажет кезде өте сәтті жүзеге асырылуда. Еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарға жастарды орналастыру тиімді деп санаймын. Бізде жұмыс орындарына орналасу ол жақтарға қарағанда анағұрлым оңтайлы. Былтыр оқу орнымызға күнгей аймақтардан 150 студент келген болатын. Оларды 300 орындық жатақханаға орналастырдық. Ал биыл тағы осыншама шәкірт келсе, оларға орын тиеді де, өзіміздің облысымыздың шалғайынан келетін студенттер жатақханасыз қалайын деп тұр. Біз келген насихат тобына осы мәселені көтеріп отырмыз.  
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓