Ертегілер байқауы жарияланды

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ Л.Толстой атындағы облыстық кітапханамен бірлесе отырып, авторлық ертегілер байқауын жариялады.ErtegiБайқаудың материалдары 2017 жылғы 26 шілде мен 1 қыркүйек аралығында қабылданады. Үздік ертегілер кітапқа енеді. Болашақ кітаптың тұсаукесері биылғы жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Ертегілер сайысының мақсаты – шығармашылыққа бейімі бар жастарға шабыт беріп, аймақ тұрғындарына Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын таныстыру.
Байқауға Қостанай облысында тұратын, 14 жастан бастап кез келген автор қатыса алады. Негізгі талап – ертегі балаларға қызықты болуы керек. Оқуға жеңіл, жүрекке жылы тиетін шығармалар қазылар алқасының назарына ілігері анық. 
Байқаудың ережелері мен техникалық талаптары туралы http://kostdom.kz/ru/news/202-konkurs-avtorskih-skazok сайтынан біле аласыздар. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 8 (7142)50-08-02 телефон нөміріне хабарласыңыз немесе domdrujby@mail.ru электронды адресіне жолдаңыз. 
 
Қымбат Досжанова.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓