Тағы бір жалған ақпарат
Облысымызда коронавирусқа қатысты осымен алтыншы фейк ақпарат тарады. Қостанай қаласының полициясы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Бұл өңірлік жедел штаб хабарлайды.
«31 наурызда әлеуметтік желіде, WhatsApp мессенджерінде өзін Азамат деп таныстырған жігіт АҚШ-тан келгендігін және коронавируспен ауырып қалғаны айтқан аудио жазба тарады. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабының 4 тармағы 2 тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестріне тіркеуге алында. Полиция аталған дерек бойынша жедел-тергеу шараларын бастап кетті, жалған ақпарат таратушының жеке басы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Жауапты органдар азаматтарға тек ресми ақпаратқа жүгінуді, жалған ақпарат таратпауды, елді дүрліктірмеуді ескертеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қостанай облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.
Қ.ҚИЫСХАН