Ер адам тоғызыншы қабаттан секірмек болды

Кеше сағат 16:00 шамасында Лисаков қаласы полиция бөліміне ер адамның көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары суицидтің алдын алды.
Полиция қызметкерлері төбеге шығып, тоғызыншы қабаттан секірмек болған ер адамды сөзге тартпақ болды. 30 жастағы полицейдің айтуынша, суицидке баруына әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған.
"Мұндай жағдайда адаммен келіссөз жүргізе білу қажет. Оған ең алдымен мотивация және жақын адамдарымен тілдесуі қажет. Жігіт ата-анасының нөмірін айтты, мен телефон соқтым", – деді полиция лейтенанты Айбек Байсапақов.
Телефонды анасы көтерген соң полиция қызметкері тұтқаны баласына бермек болды. Телефонды беріп жатқан сәтте ол жас жігітті қолынан ұстап, қауіпсіз аймаққа шығарып үлгерді. Қазір ер адаммен психологтар жұмыс істеп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓