КӨМЕК КӨЛЕМІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Қостанай облысында 330 мыңнан астам жанға жәрдемақы берілуі тиіс.  Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңесінде белгілі болды.
«Біз дағдарысқа қарсы шаралардың бірінші пакетін іске асыруға кірісіп кеттік. Ел Президентінің баяндамасында белгіленген халық пен бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыруды бастауымыз керек», – деді Архимед Мұхамбетов.
31 наурызда республикалық телеарналарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті 10%-ке индекстеуді тапсырды. Осы бойынша 200 млрд теңге бөлінеді.
«Қостанай облысында жәрдемақы алушылар саны 330 мыңнан асады, оның ішінде 136 мыңнан астамы зейнеткер, АӘК алушылар 16 мыңға жуық,» – деген  облыс әкімі бір реттік ең төменгі жалақы көлемінде әлеуметтік төлем алу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесін қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізу қажеттігін атап өтті.       – Бұл үшін аталған санаттағы азаматтардың мәртебесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Біздің облыста  мұндай санаттағылар шамамен 18 мың. Осыдан кейін ғана төтенше жағдай кезінде олар мемлекеттен ай сайын әлеуметтік төлемдер ала бастайды».
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бейресми табыстарды жасыру фактілеріне ерекше назар аударып, қала және аудан әкімдеріне осы әлеуметтік төлемді әрбір әлеуетті алушымен пысықтап, халықтың мұқтаж санаттарын барынша қамтамасыз етуді тапсырды.  
  «Қазіргі таңда 723 адам өтініш берді. Әлеуметтік төлемдерге үміткерлердің бейресми табыстарын жасыру фактілеріне назар аудару керек. Жекелеген пайдакүнем азаматтардың кесірінен, мұқтаж адамдар зардап шекпеуі тиіс», –деп атап өтті өңір басшысы.
Жиын барысында тегін азық-түлік жиынтығын алатындар санатының кеңейетіні белгілі болды. Бұған дейін 6-18 жас аралығындағы АӘК алушылар арасынан балалар тегін азық-түлік жиынтығын алуға құқылы болған. Қазіргі жағдайда көмек 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға және ресми тіркелген жұмыссыздарға да беріледі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓