ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыс әкімдігінің селекторлық кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларының орындалуы пысықталды. Соның бірі көктемгі дала жұмыстарын уақытында жүргізу.
Бұл мақсатқа «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жалпы ел бойынша 70 млрд теңге бөлінеді. Соңғы қарыз алушы үшін үстеме  көлемі 5%-тен аспауы тиіс.
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру бойынша жұмыс жоспарлы жүргізілуде. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ҚФ мәліметі бойынша Қостанай облысы үшін «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 17 млрд теңге қарастырылған. Қазірдің өзінде 121 диқанға  10,6 млрд теңге бөлініпті. Бұдан басқа, 3,9 млрд теңге сомасындағы 104 өтінім мақұлданған.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы ел бойынша қосымша 100 млрд теңге бөлінеді. Осы бағдарлама шеңберінде соңғы мөлшерлеме барлық салалар бойынша біріздендірілді және 6%-ті құрайды. Қостанай облысында 12 млрд теңге сомасына 39 жоба мақұлданды. ЕДБ мен АКК-да 4,5 млрд теңге сомасына 12 жоба қаралу үстінде», – деді облыс әкімі.
Архимед Мұхамбетов қосымша несие қаражатын бөлуді жүзеге асыру тетігі қазір «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ Қостанай филиалымен бірлесіп пысықталатынын атап өтті.
«Жақын күндері ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін несие беруді кеңейту және біздің облыс үшін несие сомасын көбейту бойынша мәселе қаралмақ. Бұл туралы біз бірден ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалық басшыларын хабардар етеміз», – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы шағын және орта шаруа қожалықтарын бірінші кезекте қолдауға назар аударды.
«Қала мен аудан әкімдерінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының назарын шағын және орта шаруа қожалықтарын қолдау қажеттігіне аударамын. Біздің облыста мұндай шаруашылықтар 6700», – деді А. Мұхамбетов.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын литріне 165 теңгеге дейін немесе нарықтық бағадан 15%-ке арзандату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл үшін жеңілдетілген бағамен 390 мың тонна дизель отыны бөлінеді.
Қостанай облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 71 мың тонна дизель отыны бөлінді.
 «Көрсетілген қолдау өңірдегі әр шаруашылыққа жетуі тиіс. Тексеру комиссиясы мен Қостанай облысының прокуратурасы өңірлерде тиісті қадағалау мен бақылауды қамтамасыз етуі қажет», – деді облыс әкімі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓