Тұрғындармен бетпе-бет

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен байланыс жасаудың жаңа форматына көшуді тапсырған еді. Осыған байланысты ауылдық жерлерде әкімдер тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, арыз-шағымдарын тыңдап жатыр. Мұндай қабылдау Меңдіқара ауданының Первомай селолық округінде болды.DSCN3681
Аудан әкімі Ерлан Теменов Первомай ауылы тұрғындарының сауалдарына құлақ түрді. Қабылдауға алты азамат жазылған екен. Оларды ауылды абаттандыру, құрылыс-монтаждық жұмыстар, көшелерді жарықтандыру төңірегіндегі мәселелер толғандырады. Мәселен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дмитрий Кондратьев балаларға арналған спорт алаңы қажет екенін айтты. Өйткені Первомай ауылында бір ғана спорт залы бар. Аудан билігі бұған дейін мұндай алаң салу жоспарда барын мәлім еткен екен, алайда бұл жоспар қозғаусыз қалған. Ерлан Теменов бұл түйткілді шешіп беруге уәде етті. "Біз сізбен бұл мәселе жөнінде тағы да жолығысып, кәсіпкерлерді жұмылдырып, шаруаны біржақты қыламыз", – деді аудан әкімі. DSCN3675
Тағы бірі жергілікті аурухана сумен қамтылса деген тілегін жеткізді.
"Өздеріңіз білетіндей, су желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарымызда осы аурухананы сумен қамту жобасы бар. Бұған қоса, орталықтандырылған жылумен жабдықталады. Сондықтан, құбыр да, су да, жылу да болады", – деп жауап берді Е.Теменов.DSCN3678
"Менің сұрайтыным, қаңғыбас иттерді аулау жалғасын таба ма? Өйткені, осы жылы бұл шаруа қолға алынғанымен, толық шешімін тапқан жоқ", – деген сауалын алға тартты ауыл тұрғыны Александра Филипова. Аудан басшысы бұл мәселе қажетті препараттар сатып алынған соң жалғасын табатынын айтты.DSCN3680
"Қаңтар, ақпан, наурыз айларында өткен жылдан қалған препараттарды қолданған едік. Ол үш айға ғана жетті. Енді қазір мемлекеттік сатып алу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер қателеспесем, осы айдың аяғында ол қолымызға тиіп, жұмыстарды аяғына жеткіземіз", – деп жауап берді ол.  DSCN3674
Осындай көптеген мәселелер аудан әкімінің жіті бақылауына алынатын болды. Сондай-ақ, мұндай кездесулер жиірек өткізілмек.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓