БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Қостанай қаласы әкімдігінің мониторингтік тобы төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қатаң бақылауда. Наурыздың 30-ы арнайы топ облыс орталығындағы 70 нысанды тексерді. Жүргізілген рейд барысында шектеу шараларын сақтамаған бірқатар кәсіп иелері анықталып, жауапқа тартылды. Атап айтқанда, Тәуелсіздік көшесі 109 мекен-жайындағы «На углях» кафесі, Пушкин көшесі 132 мекен-жайындағы «Киви» дүкенінде, Пушкин көшесі 140/1 мекен-жайындағы «Elit» дүкенінде, Тәуелсіздік көшесі 107 мекен-жайындағы «Дербес» дүкенінде, Чехов көшесі 106 мекен-жайындағы «Изюминка» дүкенінде тәртіпсіздік анықталды.

Жалпы, әл-Фараби даңғылы, Чехов, Тәуелсіздік, Темірбаев, Степная, Абай, Миляев көшелерінде орналасқан нысандар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс қағаздары таратылды. Топ құрамындағы құзырлы мекеме өкілдері «ТЖ және карантин кезіндегі іс-қимыл тәртібі» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓