Карантин жеңілдейді
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.Штаб отырысы барысында облыстық білім басқармасының басшысы, Жітіқара және Қарасу аудандарының әкімдері аймақ басшысы алдында баяндама жасады
Сондай-ақ, мониторингттоптарының жұмысы пысықталды. Мәлім болғандай, мониторинг топтарының 2021 жылғы 1 қаңтар мен 6 наурыз аралығында 3 855 рейдтік іс-шара өткізіліп, карантиндік талаптарын 358 тұлғаның бұзғаны анықталды.
"Бұдан басқа, барлық енгізілген ұсыныстарды қарап шығып, штаб 2021 жылғы 10 наурыздан бастап келесі жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдады:
– санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-5 сынып оқушыларын оқытудың аралас форматына көшуге рұқсат беру;
– СОО, сауда желілері, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмысына уақыт шектеуінсіз және аптаның барлық күндері, ойын-сауық аймақтарынсыз рұқсат ету;
– жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне уақыт бойынша және аптаның барлық күндері шектеусіз рұқсат ету;
– моншаға уақыт шектеуінсіз және аптаның барлық күндері жұмыс істеуге рұқсат беру", – деп жазды аймақ басшысы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында.
Мұның сыртында, 2021 жылғы 13 наурыздан бастап, көрермендер санын 20% асырмай отырып, спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілетін болды.
"Құрметті қостанайлықтар, КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұраймын", – деп қорытындылады облыс әкімі.