Шектеуге шекесінен қарағандар (кафе, мейрамханалар тізімі)

Kv39BOPW_400x400

Қостанай облыстық полиция департаменті төтенше жағдай режимін бұзған кафелер мен мейрамханалардың тізімін жариялады. Мекеменің баспсаөз қызметі атап өткендей, елде ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы "төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша 19 құқық бұзушылық анықталды. Бап санкциясы 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 15 тәулік мерзімге қамауға алуды көздейді. Жергілікті полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, кафелердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

90115480_1564418920373111_5634107338337026048_n

«Жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір кәсіпкерлер енгізілген тыйымдарды ескермеуді жалғастыруда және белгіленген қауіпсіздік ережелерін бұзуда. Тек 25 наурызда облыста осындай 5 факт, Қостанай қаласы бойынша 4 және Жітіқара қаласында бір факт анықталды. Олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды» – дейді басқарма бастығы.

imgpreview

Заң бұзған мейрамханалар мен кафелердің тізімі төменде.

Қостанай қаласы:

Лаундж-бар «Loft» кафесі

«Чихаус» кафесі

кофе  «Soffeboom»

«Ханзада»  мейрамханасы

«Элефант» кальян-бары

«Dark» кафесі

дәмхана " На углях»

Vanille "кафесі»

Рудный қаласы:

«Лаундж бар Туман " дәмханасы

«Авангард» ойын клубы

Жітіқара қаласы:

«Эскобар» кафесі

«Жемчужина» кафесі

«Гурман» кафесі

«Горный лен» мейрамханасы

Қостанай ауданы:

«Пивбар»

Амангелді ауданы:

«Кеңсе» ойын бөлімі

Б. Майлин ауданы:

«Сабина» кафесі

Арқалық қаласы:

«Дәулет» дүкені

Арқалык қаласындағы дүкен

IMG-20200324-WA0007

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓