Мұқтаж жандарға жәрдем
Мемлекет басшысының Жарлығымен 16 наурыз мен 15 сәуір аралығында ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты медициналық мекемелерде ақ халаттылардың да жұмысы қауырт болып тұр. Міне, сол себепті, қостанайлық еріктілер дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге өз үлестерін қосуда.

Волонтерлердің басын қосушы – облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы осы жастар басқармасындағы әріптестеріне еріктілерді жинап беруге көмек сұрапты. Бастаманы ішкі саясат басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «ГрИн» азаматтық альянсы бірден қолдап әкетті.

– Бұл хабарламаны дереу әлеуметтік желіге, месенджерлерге тараттық. Бас-аяғы үш сағаттың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, үй шаруасындағы азаматтар шақыруымызға бей-жай қарамай, жиналып келіп отыр. Мемлекет басшысының қашықтықтан жұмыс істеуге берген рұқсатынан кейін бірқатар әріптестеріміздің қолы босап жатыр. Менің ойымша алдағы уақытта еріктілер қатары толыға түседі деген сенімдемін, – деді облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Марат Жұрқабаев.






Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ