“ЖАЙДАРМАН” фестивалі өтті

8OUxFojkMMwТаяуда Алтынсарин ауданында жергілікті жастар бастамаларының орталығы және білім  бөлімінің ұйымдастыруымен "Жайдарман–2014" фестивалі болып өтті. "Жайдарман" ұйымдастырушыларының басты мақсаты: көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу. Аудан мектептерінің 8 командасы 3 сайыстан қатысып, бақ сынасты. Қазылар алқасы мен көрермендер үлкен әсер алып, көтеріңкі көңілге бөленді. Фестивальдің қорытындысы бойынша барлық командалар үздік нәтижелер көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудан әкімінің кубогы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің "Алғабас" командасына табысталды. Іс-шара соңында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Баймағамбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға өз алғысын білдірді.
Сабыр МОЛДАҒАЛИЕВ.
Суретті түсірген автор.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓