Жұмыс кестесі өзгерді
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті.
Сонымен қатар, Министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді .