Орташа айлық атаулы жалақы
2014 жылғы қаңтар-тамызда 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 8,1% артты.
2014 жылғы қаңтар-тамыздағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан 4,9 есе, ең төмен жалақыдан – 4,3 есе асып түсіп, 86357 теңгені құрды.
Атаулы жалақының едәуір көп артуы 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (13,5%), өндірісте (12,5%), көтерме және бөлшек сау-дада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде (9,4%), тұру және тамақтану бойынша қызметтерде (9,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (8,6%), көлік және қоймалауда (8,5%) байқалды.
Жоғары жалақы 124046 теңге қаржы және сақтандыру қызметінде сақталды (облыс бойынша орташаға қарағанда 1,4 есе артық), төменгі – тұру және тамақтану бойынша қызметтер 51455 теңге (орташа облыстық деңгейден 56,9%).