АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының ақша белгілеріне ауыстыру үшін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау мерзімі 2021 жылғы 01 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
2006 жылғы үлгідегі банкноттар
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттарын қабылдауды және ауыстыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін осы банкноттарды Ұлттық Банктің филиалдары қабылдауды және оларды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы келесі мекен-жайда орналасқан: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көш., 195. Кассалардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10.