ЖКО: 1 адам көз жұмды
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында жойқын жол апаты болды. Жеті жолаушы жараланып, бір адам көз жұмды.
Оқиға күні кеше сағат 16.30-да болған. Ваз-21124 автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы жүргізуші алдындағы көліктен озып өтпек болып, жолдың қарсы бетіне шыға бергенде 34 жастағы шопыр басқарып келе жатқан «Nissan Primera» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Ваз-21124 көлігінің 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі машинадағы басқа да 7 жолаушы әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.Облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ЖКО дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция көлік жүргізушілерінен қолайсыз ауа райы кезінде барынша сақтық шараларын ұстануға шақырады. Әсіресе, маневр және айналып өту тәртіптерін бұзбауды ескертеді.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 54 ЖКО болып, 9 адам көз жұмып, 79-ы жарақат алған. Оның ішінде, сәтсіз маневр жасау салдарынан 7 апат тіркеліп, 1 адам қаза тауып, 7 жолаушы жараланған. Ал қарсы жолаққа шығып кету кесірінен 4 адамның өлімі мен 14 азаматтың ауыр зақым алуына алып келген 5 ЖКО болған.