Президенттің пандемияға қатысты мәлімдемесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", – деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады.
"Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", – делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.