“Олжалары” – 10 млн теңге

Қостанай облысы Рудный қаласында белгісіз біреулер қонаққа кеткен отбасының үйінен 10 миллион теңге ұрлаған, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" сайты.photo_64619
8 наурызда кезекші бөлімге Рудный қаласында 10 миллион теңге көлемінде қаражат ұрланғаны туралы хабар түскен. 7 наурызда отбасы Қарабалық ауданына қонаққа кетіпті. Үйіне оралған соң отбасы заттардың бөлмеде шашылып жатқанын көреді. Шкаф пен сейфтен 4,5 мың АҚШ доллары, 6 миллион теңге, 500 мың рубль көлемінде ақша ұрланған. 
Жедел іздестіру шараларын өткізген полицейлер Рудный қаласында тұратын үш ер адамды ұстады. Ал ұрланған ақша гараждардың бірінен табылған. 
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓