Күрес жолында бірігеді

"Қостанай облысының жоғары оқу орындары сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресетін болады" – осындай тезис өңірдің жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел шеңберінде күн тәртібінде белгіленді. М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ алаңында жоғары оқу орындарының өкілдері Қостанай облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, қоғамдық кеселдің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларды талқылады.
Қазірдің өзінде ЖОО түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Таза сессия", "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" акцияларын, флеш-мобтар, семинарлар және тағы басқа түрлі іс-шаралар өткізуде. Жүргізіліп жатқан жұмысты алдын алу сипатына қайта бағдарлау процесімен адалдық мәдениетін игеру саласындағы үздік облыстық және республикалық практикаларды қамтитын біріктіруші және кешенді жоспар қабылдау қажеттігі пісіп-жетілді.
"Еліміздің бүгінгі имиджінің өсуі барлығымыздан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірлескен міндеттер мен сын-тегеуріндерді іске асыруда зор күш-жігер жұмсауды талап етеді. Жастар – болашақтың "мәңгілік қозғалтқышы". Сондықтан қазақстандық жастардың даму деңгейімен, мүмкіндіктерімен, құндылық бағдарларымен, экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесімен Қазақстанның жарқын болашаққа бастар жолы айқындалады", – деп мәлімдеді кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданыстағы тәжірибесі және өңірдің оқу орындарында жүзеге асырылатын емтихан рәсімдерін өткізудің ашықтық деңгейін арттыру туралы ой қозғады.
 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілі  Арман Исмаилов ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайында, өздеріндегі тәжірибенің Қостанай облысында ғана емес, жалпы республикада аналогы жоқ екенін айтып берді. Оның негізгі міндеті –  академиялық адалдық қағидатын сақтау, ол үшін жұмысқа ПОҚ ретінде ЖОО студенттері тартылады және бұл жұмыс Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде педагогтар мен студенттердің өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.
Іс-шара соңында қатысушылар жерлесіміз, қазақ ақыны, жазушысы, "Алаш Орда" партиясы мүшелерінің бірі Міржақып Дулатовтың пікіріне арналған "Парасаттылық сағаты" республикалық акциясын қолдады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓