Сенбілікке шығамыз
Қостанай қ. 25 қыркүйекте шаһар тұрғындары сенбілікке шығады. Облыс орталығындағы санитарлық тазалық жұмыстарымен "Таза-Жол АТ" ЖШС, "Экол" ЖШС, "АБЗ плюс" ЖШС сынды мердігер ұйымдар айналысады. Десек те, мердігер ұйымдар қала аумағын бір мезгілде қоқыстан арылтуға қауқарсыз. Сондықтан 25 қыркүйек пен 25 қазан аралығы санитарлық тазалық айлығы болып белгіленді.