Қаржыгерлер көрмесі
Қостанай қ. Еліміздің Ұлттық валюта күніне орай, облыстық өлкетану мұражайында қаржы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ресейлік империядан бастап, осы уақытқа дейінгі ақшаның мыңнан астам түрі қойылған. Көрмеден коллекциялық монеталарды да кезіктіруге болады. Көнеден жиналған тиын-тебенді қараша айының соңына дейін тамашалауға болады.