Көп балалы аналарды құттықтады
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов көп балалы аналармен кездесіп, оларды әйелдердің халықаралық мерекесімен құттықтады.
Тобыл-Торғай өңірінде әртүрлі дәрежедегі алқаның иесі атанған 6,3 мың ана тұрады. Олардың 1588-і «Алтын алқа», 3469-ы «Күміс алқа» иеленсе, қалған 1277 адам «Батыр Ана» атанып, «Ана Даңқы» орденімен марапатталғандар.
– Қазақстанда әйелдердің ел дамуына қосып отырған үлесі орасан. Олардың бастамалары үнемі қолдау тауып келеді. Тәуелсіздікті нығайтуға өңіріміздегі қыз-келіншектер де белсене атсалысып келеді, – деді аймақ басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.
Кездесу барысында көпбалалы 21 анаға алтын, күміс алқалар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Салеметсизбе! Бугинги мерекеден басқа фотоларды калай алуға болады?
газеттің фототілшісіне хабарласыңыз, нөмірі – 87479182523
Почему не все фото матерей