Мемлекеттік қызмет – абырой мен міндет

Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиналыс  болып өтті. Салтанат еліміздің Әнұранымен ашылды. Содан кейін жиналғандарды облыс әкімі аппаратының басшысы А.Әбенов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы  Б. Беспалинов сол секілді облысымызға танымал құрметті ардагер М. Дәуенов, Тәуелсіздік құрдасы, жас қызметші С.Төлетаев сөз сөйлеп, жиналғандарды кәсіби мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап,  жылы лебіздерін айтып, тілектерін білдірді.jjDF62kCIpMБүгінгі таңда облысымызда  776 мемлекеттік орган, онда  алты мыңға жуық қызметші жұмыс істейді, 1000-нан аса қызметші  мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталықтарынан білімдерін жетілдірді.  Облыс әкімі аппаратының жетекшісі А. Әбеновтың айтуынша,  өткен жылы  жұртшылықтан жетпіс мыңнан аса жазбаша түрінде өтініш түскен, 170 адам өтініштерімен облыс әкімінің қабылдауында болды.  Сол секілді жұртшылыққа  2 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ал, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы  Б. Беспалиновтың айтуынша, әрбір мемлекеттік қызметші – кәсіби, құзіретті, еліне абыроймен қызмет атқарып, халықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсартуға  күш-қайратын жұмсауға тиіс екен.
Салтанат барысында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілер туралы шағын фильм көрсетілді, ант қабылдау рәсімі өтті.  Сонымен бірге бір топ қызметшілер облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. Салтанат соңы  шағын концертке ұласты.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓