Карантин босаңсиды
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткіздім.
Карантиндік шараларды сақтау мониторингінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ соңғы 7 күн ішінде облыс аумағында КВИ аурушаңдығының өсімі 7% -дан аспаған. 6 кезең аясында 8 маусымынан бастап (Жітіқара қаласынан басқа) санитарлық режим күшейтіле отырып, мына нысандар жұмысына рұқсат етілді: –Демалыс базалары, санаторийлер, профилакторийлер,
-Тату-салондар, бильярд, боулинг-орталықтар, караоке барлар,
-Көрмелер,
-Жергілікті экскурсиялар өткізу,
-Уақыт бойынша шектеусіз қалалық қоғамдық көліктің жұмысы.
Эпиджағдай тұрақтанғанға дейін қызметі тоқтатылған күйінде қалатындар:
-Адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу,
-Отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және басқа да іс-шаралар, кейтерингтік қызметтер және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету,
-Кинотеатрлар, көрермендерді тамашалауға арналған театрлар, барлық түрдегі ойын алаңдары (аулалардан басқа),
-Түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальяндар,
-Букмекерлік кеңселер,
-Аквапарктер, бассейндер,
-Бір мезгілде 20-дан астам келушілер саны бар монша мен сауналар,
-Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан фуд-корттар, кинотеатрлар, ойын-сауық объектілері және оларда мәдени-бұқаралық бағдарламалар өткізу.Сондай-ақ, Жітіқара ауданында карантиндік шараларды босаңсыту жөнінде шешім қабылданды.
Облыстың бас санитарлық дәрігеріне тиісті босаңсуды енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Облыстың бас санитарлық дәрігеріне тиісті босаңсуды енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.