ERG компаниясының өкілдері ауылшаруашылық көрмесін аралады
ERG компаниясының өкілдері «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы ұйымдастырған ауылшаруашылық көрмесімен танысты.
Еуразиялық Топ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігімен бірлескен үш жақты келісім-шартқа сәйкес жылма-жыл белгілі бір сомада қаржы бөліп отырады. Мәселен, 2016 жылы қол қойылған Меморандумға сәйкес «Атамекен-Қостанай» шағын қаржылық ұйымы» ЖШС құрылған еді. Яғни, осы ұйым арқылы аудандар мен моноқалалардағы бизнес субьектілері қаржыландырылады.
Көрмеде тиісті қаражатқа қол жеткізген жиырмаға тарта бизнес өкілі меймандарға өз кәсіптерін қалай дөңгелентіп отырғанын баяндап берді. Шағын несие алғандардың дені ауылшаруашылық саласын дамытуға үлес қосып келеді. Арасында шұбат өндірісін, тігін цехын, бал өндірісін, тауарлы-сүт фермасын қолға алғандар бар.
Мәселен, рудныйлық Алмат Нұрмаханов 2016 жылы «Бастау-кеңесші» қысқа мерзімді курсында білімін жетілдіріп, сол арқылы 4 млн, екі жылдасын 5 млн 100 мың теңге несие алды. Кәсіпкер бұл қаржыға түйе, құрылыс материалдарын, жем-шөп, өнім сақтайтын тоңазытқыш сатып алды. Бүгінде Алматтың кәсіпорыны облыстан тысқары жерлерге кеңінен танымал. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Eurazian Resources Group Директорлар кеңесінің төрағасы А.Машкевич мемлекет қолдауына ие болған кәсіп иелеріне табыс тіледі.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.