Екі әйелдің қанын жүктеген

Жақында Рудный қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Екі әйел жоғалып, артынша күдікті де ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов халық алдына есептік кездесуінде оқиғаның қалай болғанын айтып берді:
            -Күдіктімен 24 жастағы қызбен көңілдес болған. Сол күні жігіттің үйіне келіп, кездеседі. Содан соң әлгі қыз оны «маған үйленбесең, әйеліңе айтамын» деп қорқыта бастайды. Әлгі жігіт оны ваннаға апарып, омыртқадан бір беріп өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, қорапқа салып, балконға шығарып қояды. Дереу қыздың телефонын қарап, оның бір кісіге жазғанын хабарламасын оқиды. Ол жігіттің мекенжайына кетіп бара жатқанын айтып, қалдырған екен. Әйелдің сөмкесінен ол үйдің кілтін алып, сол мекенжайға барады. Есікті ашып кіріп, мүгедек арбасына танылған әйелді де дәл осы тәсілмен өлтіріп, сөмкеге салып алады. Артынан ешқандай айғақ қалдырмаған. Бірақ Рудный қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қырағылығынан оқиға «ізі суымай» ашылды, – деді Бекет Иманұлы.
222
            Қаладағы «Автоураган» жүйесінен бейнетаспалар алынып, сол уақытта өткен 40 шақты автокөліктің мәліметтері тексерілген. Әр көліктің жүргізушілері шақырылып, ішінде біреуі сөмке ұстаған жігітті адам жоғалған мекенжайдан басқа мекенжайға апарғанын жеткізген. Таңғы төрттің кезінде жігіт кірген үй қоршауға алынып, таңғы 6 шамасында күдікті ұсталды. Оның балконынан жоғалған екі әйелдің мүрдесі табылды. Ол кінәсін толық мойындады.
            -Оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді. Қандықол 21 ақпан күні су қоймасына барып, қылмыс заттарын, мүрделерді тастауға шұңқыр қазып қойған, – дейді Бекет Аймағамбетов.
Айта кету керек, қылмыскер бұрын да кісі өлтіргені үшін істі болған.
1111

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓