АТҚАРАР ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС

Облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың өңірдің оңтүстік-батыс және батыс аймақтарындағы жұмыс сапары Таран ауданынан басталды. Егіс алқабын аралап шыққан әкім дала жұмыстарын 5-ші маусымға дейін бітіруді тапсырды. акимМұндағы "Әділет-Т","Майлин атындағы.", "Сұлу" шаруа серіктестіктері егін және мал шаруашылығымен айналысады. Мәселен, былтыр "Майлин атындағы" ЖШС тек бидай дақылдарын 7216 га алқапқа екті. Өңір басшысы аталмыш серіктестікті 17 жыл бойы басқарып келе жатқан Владимир Бушкинге биыл шаруашылықтың өндірістік-экономикалық көрсеткішін ұлғайтуды жүктеді. Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулиннің айтуынша, мамыр айындағы жауған толассыз жаңбыр науқанды кешігіп бастауға мәжбүр еткен. Дегенмен аграрлық сала мамандары себу жұмыстарын уақытында бітіруге уәде берді.посев
            "Баталинское" – Денисов ауданындағы ірі шаруашылық серіктестігінің бірі. Бүгінгі күні мұнда 68 трактор, 32 комбайн және 68 ауыр жүк көлігі есепте тұр. 387 адам жұмыс істейді. Олар көктемгі егіс науқаны басталғалы бері дамыл тапқан жоқ.
            – Бұл жаман көрсеткіш емес. Егін шаруашылығымен қоса мал шаруашылығына көңіл бөліңіздер. "Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық" сияқты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек. Бағдарламалардың жоспардан артық орындалғаны дұрыс. Қазір найқалатын уақыт емес. Барлық село әкімдеріне осы жұмыстарды қадағалауды тапсырамын,- деп қадап айтты Нұралы Мұстафаұлы.
            Облыс әкімі Денисовка селосындағы кәріз жүйесінің құрылыс нысанына соғып, жұмыс барысымен танысты. Үш жыл көлемінде кәрізді салу үшін 1,5 млрд теңге қаражат бөлінген.стройкаБұл туралы "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ басшысы Елена Артемчук қысқаша баяндап берді.кәріз
             Топырақтың ылғалдылығы Жітіқара ауданында орташа есеппен 20-30 мм-ге сәйкес. Ал, Таран және Денисов аудандарында бұл көрсеткіш небәрі 8-12 мм-ге тең. Осы себептен Нұралы Садуақасов тұқым себу кезінде барынша ұқыпты болыңдар деп тапсырма берді. Сондай-ақ, аграрлық секторда туындаған қаржы мәселесі де алдағы күндерде шешілетінін жеткізді.
             – Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жұмысымызды кеш бастап отырмыз. Былтырғы жылы тұқым себу жұмыстарын 31 мамырда аяқтаған едік. Қазір диқандар екі ауысымда еңбек етуде. Осылай етсек, 10-шы маусымға дейін егіп бітіреміз, – деді "Алаш" ЖШС директоры Насыр Алашбаев. ыстыройкы
            Күннің ысуына байланысты зиянкес жәндіктердің көбейетіні анық. Облыстағы ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекциясының басшысы Болат Мирманов шегірткеден қауіп келетін аймақтарға техникалардың жұмылдыратынын хабарлады.
 
Қасқырбай Қойшыманов   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓