Үздіктер турнирі
Тобыл қаласында "Астана" спорт кешенінде кикбоксингтен Қазақстан бапкерлерін еске алуға арналған "Үздіктер турнирінің" финалдық кездесулері өтіп жатыр.
Жарысқа құрметті мейман есебінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Елена Киреева, Қазақстан Республикасының Кикбоксинг федерациясының Президенті, еңбегі сіңген бапкер Тастанбек Есентаев, Қазақстан құрама командасының аға бапкері Сансызбай Ибраев, Қазақстан құрама командасының бас бапкері Қайрат Смағұлов, ел ағасы, спорт жанашыры Бақберген Өтеуов, Қазақстан бойынша бокс және кикбоксинг спорт түрлерінен еңбегі сіңген бапкер Марат Тапенов, Қостанай облысы кикбоксинг федерациясының президенті Дәмір Қалқаев, Қостанай ауданы Тобыл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сапабек Кенжетайұлы, жарыстың бас төрешісі Сұлтан Қуандық, Мұрат Бегежановтың жұбайы Марина Бегежанова, Асылхан Бусурмановтың ұлы Эмир және Қостанай облысының жауынгерлік өнер ассоцияциясының басшысы Қанат Нұрпейісов қатысты.
Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылар өзара бақ сынасуда. Кесте төменде көрсетілген: