Сөз құдіретін игерген Аяулым

Қостанай облыстық мәдениет басқармасы "Сөз құдіреті" атты 12-13 жасар балалар арасында мәнерлеп оқу сайысын жариялаған болатын. Осы орайда  Аманкелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен байқауға іріктеу үшін аудан, ауыл мектептерінен  бірнеше үміткер сынға түсті.
Әдебиет – сөз өнері. Жалаң сөзді тізе бергеннен әңгіме, жыр, көркем дүние шықпайды. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жол табады. Қатысушылар осы үрдістен шығуға тырысып, бар өнерін салды.
Нәтижесінде Құмкешу орта мектебінің оқушысы Аяулым Мұхамбетқалиева 1-ші орынды иемденіп, облыстық байқауға жолдама алды. Үрпек ауылының оқушысы Сымбат Алдаоңғарова 2-ші орын, Амантоғай ауылының оқушысы Әсемай Сүйіндікова 3-ші орындарды иемденді. Қалған қатысушылар әртүрлі номина-циялар бойынша марапатталып, сый-сияпат алды.
– Сөз құдіреті түсіне білгенге ерекше қасиет. Бойында дарыны бар жастар осыны ұғына білсе дейсің. Біз өз тарапымыздан алдағы облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алған Аяулымға ақжол тілейміз. Аудан мерейін көтеріп отырған осындай жас өрендер көбейе берсін, – дейді аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Қалмағанбетова.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓