Арақ абырой әкелмейді
Қоғам дертіне айналған ішім-дікпен күрес мәселесі облыстық прокуратурада өткен қоғамдық кеңесте сөз болды. Соңғы екі жылдың ішінде кісі өлімінің 71%-ы, ауыр дене жарақатының 82%-ы, зорлау оқиғасының 44%-ы мастықпен жасалған.
Облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры А.Сыздықов бүкіләлемдік денсау-лық сақтау ұйымының рейтингі бойынша Қазақстан дәстүрлі ішімдік қолдану жағынан әлемде 34 орын алса, Орталық Азияда көш бастап тұрғанын айтты:
– Қостанай облысына келсек, облыстық наркология диспансерінде алкогольдік тәуелділік бойынша 8117 адам тізімде тұр. Олардың арасында 1514 әйел, 3 бала және 62 жасөспірім бар. Қостанай облысында 2011 жылдан бастап мас жүргізушілердің кесірінен 45 адам, өрт оқиғасынан 74 адам қайтыс болды. Өткен жылдың маусым айында Федоров ауданында Горин деген азамат ішімдік ішіп алып, өзара ки-кілжіңнен кейін екі бөтелкелесін өлтірген. Әкімшілік істердің сараптамалары бойынша жыл сайын құқық бұзушылық алкогольдік күйде жасалатыны дәлелденіп отыр. 2012 жылы алты мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған болса, өткен жылы алты мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Мұндай жұмыстар ішкі істер органдарының ішімдікке салынғандарды емдеу мекемелері-не жеткізу шараларын қолдан-бауынан және емдеудің тиімсіз-дігін көрсетеді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Е.Файзуллин ағымдағы жылдың есепті кезеңіндегі құқық бұзушылықтар, маскүнемдік және нашақорлықтың алдын алу жөнінде ақпарат жасады:
– Өткен жылға қарағанда, биыл ішімдіктен бас алмайтындар арасында жасалатын қылмыс 3,8 пайызға өскен. 440 адам сот арқылы маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілді. Биыл әкімшілік құқық бұзу кодексінің 336 бабы бойынша 7421 құқық бұзушылық тіркелді. Ал ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 1582 жүргізуші ұсталды.
Маскүнемдіктің зияны және зардаптары туралы жоғары оқу орындарында рейдтер де жүргі-зілген. Бірқатар қиындықтарға байланысты жүзеге асырылып отырған шаралардың жеткіліксіз екенін айтылды. Күштеп емдеу мекемелеріндегі төсек-орынының жеткіліксіздігі маскүнемдікпен күрес бойынша жұмыстарда-ғы мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша екі медициналық айықтырғыш бар екен. Е.Файзуллин облысымыздың барлық қалаларына осындай айықтырғыштардың қажетті-гін айтып, ұсыныс та жасады. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 336 бабының 1 тармағындағы жаза 2-5 айлық есептік көрсеткіш екенін, алайда оны көбінің төлей бермейтінін айтып, жазаны қоғамдық жұмыстарға ауыстыру қажет деп білетінін атап өтті.
Өңірімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын қаншама адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Жол-көлік апаты оқиға-ларының да елу пайызы ішімдік-тің салдарынан. Қазір Қостанай қаласының өзінде араққа басыбайлы құл болғандардың саны 3 мыңнан асқан.
Отырыста жауапты орган өкіл-дерінің ішімдік ішетін отбасыларды аралап, олардың тұрмыс тір-шілігінен хабар беретін бейне сюжет көрсетілді. Онда ішімдікке салынған бірнеше адамды сөзге тартыпты. Мәселен, орта жастағы әйел өзінің бұл жолға қалай түскенін былай деп баяндайды:
– Бұл (ішімдікті айтады – автор) менің жан жолдасым. Онсыз өмір сүре алмаймын. Ішімдікке құмарлығым сыра ішуден басталды. Басында шағын отырыстарда көңіл көтеру үшін татып алып жүрдім, кейін ащы суға қалай құмар болғанымды өзім де байқамай қалдым. Жиі-жиі ішетін болдым. Артынан жұмысымнан шығып қалдым, қазір отбасымнан айырылдым. Жан жарамды осы ішімдікпен басам, – дейді бейтаныс келіншек.
Шынымен де осы сюжетті қарап отырып, қанша жанның отбасынан айырылып, қылмыс жасап жатқандарына куә болдық. Осы маскүнемдіктің соңғы сатысы қаңғыбастыққа әкеп соғатыны белгілі. Қазір күз айы. Алда қылышын сүйреп, қыс келеді. Ал қақаған боран мен үскірік аязда ес-түсін білмей, далада жататындар тірі қалса, ауруханаға жеткізіліп, аяқ-қолдарынан айырылып жатады. Бұл – ішімдіктің зардабы!
Дәрігерлер балалар мен жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік көрсеткішінің де кемімей отырғандығын айтады. Демек, "аузы – дуалы, сөзі – уәлі" ағаларымыз айтқандай, алты ғасыр бойы арақ ішкен ресейліктерді шаң қаптыру бізге бұйым болмайтын сияқты. Дәрігерлердің айтуынша, ішімдікке салынған кез келген адам өзіне сылтау іздейді. Бірақ оның бәрі бекер. Шын мәнінде, ол – дерт. Ал дерт асқынса, алмай тынбайды…
Г.Байжұманова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
– Қазір облысымызда нарколог-дәрігерлер тапшы. Облыста 25 ғана нарколог бар. Кейбір өңірлерде осы мамандықтың тапшылығынан жұмыстарды басқа саланың мамандарының атқаруына тура келеді.
Емделуге келген ішімдікке салынған адам өзінің сол күйін түрлі жағдайлармен байланыстырады. Біреу отбасындағы кикілжіңмен, енді біреуі жұмыстағы қиындықтармен, маңайындағы қоршаған ортасының ықпалымен сабақтастырғысы келеді. Мұның барлығы – тек сылтау ғана. Тікелей себеп емес. Түптеп келгенде, ол – адамның өзіне тікелей қатысты мәселе.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ