Қала тойына арналған көрме

Оған қойылған құнды да сирек кездесетін құжаттардың арасында – Николаевск қаласына, бұрынғы Қостанай атауын қайтару туралы Торғай облысының әскери-губернаторына ішкі істер министрі берген нұсқауының көшірмесі де қойылған.Сондай-ақ осы құжаттарды растайтын өлке тарихшыларының бірқатар деректі еңбектері де көрменің төрінен орын алыпты.
Туған жер шежіресін шерткен мерекелік шара мәзірі бес бөлімге арқау болған. "Туған жердің тарихы", "Мақтауға тұрарлық мекен", "Келешегі кемел кент", "Ынтымағы жарасқан жер" және "Қаланың танымал тұлғалары" деп аталатын бұрыштар келушілерді бей-жай қалдырмасы анық.Қалаға көрік берген сирек ғимараттар, сәулетті ескерткіштер мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған фотосуреттер көрмені аша түсуімен құнды.
– Мұнда біздің кітапханамыздың қорынан алынған материалдар мен басқа да көптеген маңызды ақпараттар қойылды. Біз қала тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз,-дейді Л.Толстой атындағы ОӘҒК көрме және бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Эльвира Сапабекова.
Әлібек
ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.