Үш арысқа ескерткіш қойылады
Елордада қазақтың үш арысы – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Менің тілім – ұлы дала рухы» ХХІ қалалық тіл фестивалінде мәлім етті.
«Биыл халықаралық деңгейдегі Жазушылар конференциясы өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясын салдық. Сол аллеяда үш арыс – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіштер орнатылады. Өзге де тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», – деді қала әкімінің орынбасары.