Дүниежүзілік жүрек күні аталып өтуде

Бүгінде мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың көбі қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмады екен.
Дүниежүзілік жүрек күніне орай, елімізде 22 қыркүйекте бас-тау алған онкүндік 1 қазанға дейін жалғасады. Бүкіләлемдік жүрек күні және республикалық онкүндіктің мақсаты – қоғамда қан айналымы жүйесі ауруының кең таралуынан болатын қауіп-тілікті түсіндіру, ишемиялық ауру және ми инсультіне қатысты алдын алу шараларын күшейту. Әрбір қазақстандықтың өз денсаулығына деген жауапкер-шілігін жоғарылату, темекіні, ішімдікті тұтыну, артық салмақ және семіздік, төмен дене белсенділігі сияқты мінез-құлық қауіп-қатер факторының әсерін төмендетуге, қан айналымы жүйесін ерте анықтау және олардың асқынуының  алдын алу іс-шаралары бойынша ақпарат алуға халықты жұмылдыру.
– Бұл күн дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен жүрек ауруларының қауіп-тілігін насихаттау мақсатында 2001 жылдан бері  аталып келеді. Осыған орай, біздің салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары да осы аптада семинар, тренинг, дөңгелек үстел сияқты шараларды өткізіп, сауда орындарында да  "Өз қан қысымыңды біл" деген ұранмен кең көлемді акция өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді валеолог Роза Тәшенова.
Қарлығаш
   ОСПАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓