Балдаурен балалық шақ
Қостанай қаласының сити орталығы балалар әлеміне айналғандай. Мұнда жас жеткіншектер өздерінің төл мерекелерін – Халықаралық балалар күнін думанды өткізуде. Бір қолына тәттілерін, екіншісіне шар ұстаған балғындардың көңіл-күйлері көтеріңкі.
«Қазпошта» алаңында балғындар үшін бірнеше байқаулар ұйымдастырылыды.
Сахналанған көріністер қойылып, ертегі кейіпкерлерін сомдаған әртістер балаларды әр түрлі ойындарға тартты. Мәселен, шарлардан мүсін, тәттілерден гүл шоғын жасау сияқты тапсырмалар берілді. Енді бірі аквагриммен балғындардың жүздеріне сурет салды.
Мереке иелерін құттықтауға облыс әкімі Нұралы Садуақасов келді. Өңір басшысы Қостанай қаласының техникалық мектебі және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған роботтар мен ұшақтарды тамашалады.Әкім оқушылардан жасалу тәсілдерін сұрап, қызығушылық білдірді.
– Биыл бізге адам өміріне төнетін қауіпті табатын құрал ойлап шығару тапсырмасы берілді. Бір апта ішінде роботтың сызбасы мен жоспарын құрастырамыз.
Ал оны жинауға, шамамен, 10-15 минут уақыт жұмсалады, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Инаят Аманжолова.
Сонымен қоса, балалардың көркемсурет туындылары да әкім назарынан тыс қалған жоқ. Көрмеде жасөпірімдердің «Суйікті қала» атты тақырыпта салған суреттері ұсынылған.
«Март» сауда ойын-сауық орталығының алдында жастар арасында «брейк данс» биінен жарыс өтті. Мерекелік іс-шара «Балалық шақ мерекесі» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Махаббат Бекбай
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
Репортаж жаксы жасалган екен. Әр суретке түсініктемемм берілген. барлығының басын қоссаң, жақсы мақала болып шыға келеді ))) Жарайсыңдар )))