Жастармен бір толқында

«ССКӨБ» АҚ жастары өндірістегі мәселелер мен өзгерістерге бей-жай қарамайды. Бұған кәсіпорын басшысы Береке Мұхаметқалиевтың дәстүрлі «галстуксыз» кездесуінде көз жеткіздік.DSC_0243
Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар белсенділер осы сәтті асыға күтті. Өйткені президентпен бетпе-бет жүздесіп, көкейдегі сауалын қойып, ұсыныстарын жеткізу мүмкіндігі күнде бола бермейді. Дегенмен ашық диалог барысында Береке Сағатұлы қызметкерлерді кез келген мәселе бойынша қабылдауға дайын екендігін жеткізді.DSC_0326
Жиынның шымылдығын жастармен жұмыс жөніндегі бюро жетекшісі Әділ Ағайсин ашты. Ол өткен жылы атқарған шаруаларды жіпке тізіп, бүгінде кеншілер ұжымының 40 пайызын жастар құрайтындығын айтты.DSC_0227
Одан кейін сөз алған персонал жөніндегі департамент директоры Дмитрий Павлов жас қызметкерлерді «проактивті» болуға үндеп, Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабын оқуға кеңес берді.DSC_0290
Береке Мұхаметкалиев кәсіпорынның алдағы жоспарларына, соның ішінде ERG Way өндірістік жүйесінің маңыздылығына қысқаша тоқталды.
– Ауқымы кеңейіп, Өндірістік кешенге енгізіліп жатқан жаңа жүйенің артықшылығы көп. Соның ішінде сіздердің кәсіби тұрғыда дамып, жаңа білімді игерулеріңізге жол ашылады. Осындай мүмкіндікті қалт жібермей, жүйені енгізуге атсалысқан қызметкердің болашағы үлкен. Сол себепті, сіздерді белсендірек болуға шақырамын, – деді ол.DSC_0347
Еркін сұхбат кезінде қатысушылар тұрғын үй, идеялар фабрикасы, туристік базаларды жаңарту, вахталық көліктер мәселесіне қатысты сұрақтарын қойып, толық жауап ала алды. Жастармен бір толқында әңгімелескен Береке Сағатұлы айтылған әрбір сұрақ пен ұсыныс ескерілусіз қалмайтындығын еске салып, мазмұнды әрі мәнді кездесуді қорытындылады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓