Ұстаз – ұлағат иесі

Қостанай облысында әйелдер қауымы ең көп еңбек ететін салалардың бірі – білім саласы. Қазігі таңда облыс көлемінде 15 498 мұғалім бар болса, соның 12 728-і нәзік жандылар екен. Осыншама ұстаз өңірдегі білім ошақтарында оқушыларға тәлім беріп, "екінші ана" рөлін атқаруда.2
Ұстаздық жолды таңдаған жандардың бірі де бірегейі – Әмина Мүсірқызы Шорманова білім саласына 34 жыл бойы еңбек сіңіріп келеді. Бастауыш сынып мұғалімі еңбек жолын Жангелдин ауданында бастаған. Ал қазіргі уақытта Заречный қазақ мектебінің беделді ұстаздарының бірі. Әмина Мүсірқызы республикадан "Қазақ елінің үздік ұстазы", "Шығармашыл тәжірибелі ұстаз" төсбелгілерін иеленген. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін бірнеше мәрте басқарма марапатына лайықталды. "Ең үздік жыл мұғалімі" байқауының жүлдегері атанған. WhatsApp Image 2020-03-02 at 16.24.59Оқушыларының алды республика көлемінде абыройлы қызмет атқарып жатса, кейінгі шәкірттері беделді жоғары оқу орындарында білім алып жүр.
"Саналы ғұмырым арналған мұғалімдік қызметке мамандық емес, мақсат-мүдде деп қараймын. Елдің келешегіне ие болар ұрпаққа білім мен тәрбиені дарыта алсақ, арманымыздың орындалғаны сол болар еді", – дейді үздік ұстаз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓