Құттықтауға тыйым салынды
Қостанайда 8 наурыз мерекесін атап өтуге арналған салтанатты іс-шаралар өтпейтін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айсұлу Әубәкірова хабарлады.
"Мирас" МҮ-де қостанайлық әйелдер қауымын құттықтауға арналған концерт өтпейді. Барлық жоспарланған салтанатты іс-шаралар болмайды", – деді ол.
2 наурызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтуі тиіс болған отырыс пен концертке тыйым салды. Мемлекет басшысы Twitter желісінде бұндай шешім коронавирустың әлемде таралып жатқанына байланысты, қауіпсіздік мақсатында қабылданғанын жазды.